Семей медицина университетінде «Студент және ғылым» атты университетішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

Семей медицина университетінде «Студент және ғылым» атты университетішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

25 қазан 2019 жылы  күні Проф. Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия, гистология, қалыпты физиология және анатомия кафедраларының ұйымдастыруымен «Студент және ғылым» атты университетішілік студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция нәтижесі бойынша барлық баяндамашыларға қатысушылар сертификаттары мен дипломдар табысталды. Қалыпты физиология кафедрасы атынан 2 курс студенттері тезистер мен жұмыстарды ұсынды. Қалыпты физиология кафедрасы атынан қатысқан Мұхтар Мұсабеков I  орынға ие болса, Даурен Абдыгазизов III орынды місе тұтты.

Конференция Клиникалық анатомия және оперативті хирургия, анатомия, гистология және қалыпты физиология пәндерінен өткен пән олимпиадасымен жалғасын тапты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қалыпты физиология кафедрасының студенттерінен құралған “Синапс” тобы 1 орынға ие болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Қалыпты физиология кафедрасы

Жарияланды: