Еріктілер корпусы Қарттар үйінде іс-шара өткізді

Еріктілер корпусы Қарттар үйінде іс-шара өткізді

2019 жылдың 23 қазанында Семей медицина университеті VOLUNTEER CORPS еріктілері мен Семей қ. Шәкәрім атындағы университетінің Еріктілер клубының бірлесе отырып, Қарттар үйінде үстел спорты ойын түрлерінен іс-шара өткізді. Іс – шараның мақсаты – жасы келген үлкен кісілердің көңілін көтеріп, керемет атмосфера сыйлау болатын.
Шара барысында спорттық шашки, шахмат, домино, бильярд секілді ойын түрлерінен студенттер және қарт кісілер арасында шағын жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қарт кісілердің түрлі музыкалық аспаптарда ән айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісумен жалғасын тапты. Қарттар мен мекеме жұмысшылары аталған кеш ұйымдастырушларына алғыстарын білдіріп, белсенді еріктілер марапатталды.

Жарияланды: