«29-шы қазан Бүкілдүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні»

«29-шы қазан Бүкілдүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні»

2019 жылдың 23-шы қазан күні «29-шы қазан Бүкілдүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне» байланысты Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен қаламыздың халық саны көп емдеу мекемелері №1, №2, №3, №6, №3 аралас емханалары тұрғындарына жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері,оның ішінде 527,526,528 топтарының және ЖТД –интерндерінің қатысуымен қала деңгейінде біркүндік өте ауқымды акция жүргізілді.
Шараның мақсаты- Семей қаласының тұрғындарының инсульттің алғашқы белгілерін білу мен оның қауіп факторлары мен профилактикасы жайлы ақпараттануын арттыру.
Акцияны жүргізу барысында қала тұрғындарына FAST тесті белгіленген көрнекі материалдар таратылды, науқастар мен тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап берілді. Whats Аpp қосымшасы арқылы инсульттің алғашқы белгілері жайында қысқа видеолар жіберілді.
Шара соңында қала тұрғындары мен науқастар болашақ дәрігерлерге өздерінің алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осындай шараларды көптеп өткізуді өтінді.
Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының тәрбие ісіне жауапты ассистенті Енсибаева Шолпан

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс