25 қазанда жалпы білім беретін пәндер кафедрасында «Невада-Семей: тарих және сабақ» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинарды «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығы аясында тарих-философия үйірмесі мүшелері ұйымдастырды.
Ғылыми семинарға ЖМ 111 топ студенттері Абдрахманова Айя, Сылдырбаева Алида, ЖМ 124 топ студенттері Малғаждарова Айгерім, Рымбекова Елдана, Кенжеғалиев, Бақытбек Айдосұлы Жандос және 203 топ студенті стом. Кудушева Диляра, сонымен бірге, ЖББП кафедрасының оқытушылары Г.М. Сергазина (үйірме жеткшісі), Г.Н. Табулдинова, Т.А. Муздыбаева, С.А. Купанова, Р.Ж. Екібаев қатысты.
Іс-шара мақсаты – білім алушы жастарға Семей ядролық сынақ полигонының салдарын, экологиялық проблемаларды түсіндіру. «Невада-Семей» қозғалысының маңызын және жеткен жетістіктеріне баға беру.
Студенттер ғылыми үйірме отырысында ядролық полигонның құрылуы және оның салдары және «Невада-Семей» қозғалысының тарихи маңызы жөнінде баяндады. Сонымен қатар, ғылыми семинарда жастарға экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
ЖББП кафедрасының аға оқушысы Р.Ж. Екібаев