СМУ студенттері «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» қайырымдылық марафонына қатысты

СМУ студенттері «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» қайырымдылық марафонына қатысты

2019 жылғы 27 қазан күні «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» қайырымдылық марафоны өтті. Аталған іс-шараға Семей медицина университетіндегі “Nur Otan” партиясы жанындағы “Жас Отан” ЖҚ белсенділері қатысты. 3 студентіміз үздік отыздыққа кіріп, сертификат және медальдармен марапатталды.

Қайырымдылық марафонына әр үміткер мүмкіндігіне қарай қаражат төлеп қатысуға жолдама алды. Жиналған қаражат әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде беріледі. Марафонға қаламыздың оқу орындары, еңбек ұжымдары, спортшылар қатарынан 200 адам қатысты. Осы марафонға қатысу арқылы студенттер қайырымдылық жасап, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуды мақсат етті.

Жарияланды: