Студенттер Абай атындағы театрда қойылым тамашалады

Студенттер Абай атындағы театрда қойылым тамашалады

Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1210 тобының студенттері 2019 жылдың қазан айының 19-ы күні Абай атындағы театрда қойылым тамашалады. Н.В. Гогольдың «Өлі жандар» поэмасының желісі бойынша жазылған пьесаның қоюшы режиссері Дина Жұмабаева, қоюшы суретшісі Наталья Ерчихина.

Спектакльде образдардың, мәнсіз, кері кеткен күйбең тіршіліктің, сондай-ақ, зиянды әрекеттердің алуан пішіні бар. Өкінішке орай, бұлардың кейбір көріністері біздің заманымыздағы жекелеген адамдарда да кездесіп қалады. Күнделікті тұрмыста ұшырасатын осындай жайларды сынап-мінеу мен әшкерелеу арқылы режиссер ұтымды шешім қабылдай білген. Спектакль барысында тартысқа толы іс-әрекеттермен оқиға  шиеленісе түседі.

Спектакльдің өту барысы өте жоғары деңгейде болды. Қойылымнан алған әсерлерімізбен басқа топ студенттерімен де бөлістік.

 

1210 тобының студенті Аяжан Ризабекова

Куратор Т.А. Муздыбаева

Жарияланды: