«Қыз Жібек» қыздар ұйымының алғашқы жиналысы

«Қыз Жібек» қыздар ұйымының алғашқы жиналысы

2019 жылдың 25 қазанында университетіміздің «Қыз Жібек» қыздар сырласу ұйымы биылғы оқу жылындағы өзінің алғашқы жиналысын өткізді. Биылғы жылы ұйым мүшелерінің саны біршама артқанын атап өтуге болады. Ұйым мүшелерінің санын университетіміздің 1, 2, 3 және 4 курстың студенттері толықтырған болатын. Бұл – университетімізде білім алушы студент қыздардың санасына ұлттық тәрбиені сіңіру және салт-дәстүрді дәріптеуде зор мүмкіншілік.

Жиын барысында ұйымның жаңа мүшелерімен танысу жүргізілді және алдағы оқу жылында өткізілетін  іс-шаралар бойынша  жоспар құрылды. Алдағы іс- шаралар ұйым мүшелерімен бірге талқыланып, қыздар өз пікірлерін білдірді. Қыздарды қол өнерге баулу, шаш, бет күтімі, сән өнерін үйрену, дәстүрге айналған жетімдерге қайырымдылық акциясы, вокалдық конкурс т.б. шаралары жоспарланды. Келесі кездесу қыз балалардың шаш күтімі мен оны сәндеудің түрлі үлгілері және бет терісінің дұрыс күтімі жайында болмақ. Сонымен қатар, жиналыс барысында ұйымның лауазымды мүшелері мен тұрақты хатшысы тағайындалды.

 

«Қыз Жібек» қыздар клубының хатшысы Аяулым Даулетханова,

343 топ ЖМ

Жарияланды: