СМУ студенттері “Егемен Қазақстан” газетінің 100-жылдығына арналған сайыста жүлделі орынға ие болды

СМУ студенттері “Егемен Қазақстан” газетінің 100-жылдығына арналған сайыста жүлделі орынға ие болды

Абай облысы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жыл толуына орай «Облыстық ұлттық басылым – Ұлттық тіл» атты сайыс өтті. Іріктеуден өткен топтар 4 кезеңнен тұрған байқау қатысты.
Сайыс келесі кезеңдер бойынша өтті:
1. Өз оқу орнын таныстыру;
2. Викториналық сұрақтар;
3. Латын қарпімен шығарма жазу;
4. Үй тапсырмасы: «Егемен Қазақстан» болашақта.
Төрт сайыстың қорытындысы бойынша Семей медицина университетінің «Достар» тобы жүлделі 3 орынға ие болды.
Қазылар алқасы «Достар» тобын ерекше атап өтіп, қазақтың маржан сөздерін қолданғанын айтып, марапаттады.

Жастар саясаты бөлімінің маманы Олжас Тұрғали

Жарияланды: