Дүниежүзілік инсультқа қарсы күніне орай «Avenue» сауда орталығында акция өтті

Дүниежүзілік инсультқа қарсы күніне орай «Avenue» сауда орталығында акция өтті

Жыл сайын 29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтіледі. Бұл күнді 2006 жылы Дүниежүзілік инсультпен күрес ұйымы осы аурумен жалпыға бірдей күресуде шұғыл шараларды қабылдау мақсатында бекіткен.

Инсульт – бұл қан тамырларының бітелуі немесе сынуы салдарынан болатын мидың қан айналымы бұзылуы. Бұл қан ұюы (тромб) немесе жарылған тамырдан шыққан қан мидағы қан ағымын бұзатын жағдай. Оттегі мен глюкозаның жетіспеушілігі ми жасушаларының және моторлық функцияның, сөйлеудің немесе есте сақтау қабілетінің бұзылуына әкеледі.

Бұл күні, 2019 жылдың 29 қазанында, Семей медицина университетінің FAMS ұйымы 413 ЖМ тобымен бірге Дүниежүзілік инсультқа қарсы күніне орай «Avenue» сауда орталығында акция өткізді. Акция барысында ұйым белсенділері сауда орталығына келуші адамдардың артериялық қысымын өлшеп, инсульт тақырыбындағы маңызды ақпарат жазылған буклеттер таратып, қала тұрғындарынығ инсульт туралы қаншалықты білетіндіктерін тексеріп, сұхбат жүргізді. Акцияның мақсаты – азаматтардың инсульт мәселесі, уақтылы медициналық тексеру және профилактикалық медициналық тексеруден өту қажеттілігі, қауіп факторларын түзету қажеттілігі және физиологиялық параметрлерді бақылау қажеттілігі, сондай-ақ, инсульт белгілері мен айналадағы адамдардың жеке іс-әрекеттері мен тәртібі туралы білімдерін арттыруға бағытталған.

 

Наргиз Мукажанова 343 топ ЖМ

Жарияланды: