Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде кездесу ұйымдастырылды

Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде кездесу ұйымдастырылды

2019 жылдың 30 қазан күні Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде кездесуге Семей медицина университетінің ағылшын тілі оқытушысы, «Абайтану» ұйымының жетекшісі Ж.Қ. Жайрбаева және ұйымның белсенді мүшелері Жанерке Нұрахметова 201 топ, Рысты Құбашева 202 топ студенттері қатысып қайтты. Шараға белгілі абайтанушылар, Абай атындағы драма театрының беделді әртісі, көптеген шығармаларда Абай рөлін сомдап жүрген актер Бекзат Омашев және Семей қаласындағы білім мекемелерінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Кемеңгер ойшыл Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған кездесу осы атаулы іс-шараның беташары деуге лайық. Жиын барысында СМУ ағылшын тілі оқытушысы, «Абайтану» ұйымының жетекшісі Ж.Қ. Жайрбаева СМУ «Абайтану» ұйымының қысқаша тарихымен және алда жоспарланып отырған жоспарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар Абай оқулары байқауының жеңімпаздары ақынның қара сөздері мен өлеңдерін      оқыды. Бұл ғылыми жиынның ортаға салар ойы көп, өрісі кең, толғауы терең,  бүгінгі жасұрпаққа берері мол. Кездесуді ұйымдастырған Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне «Абайтану» ұйымы алғысын білдіреді.

 

«Абайтану» ұйымының жетекшісі Ж.Қ. Жайрбаева

«Абайтану» ұйымының лидері С.С. Сейтбеков

«Абайтану» ұйымының белсенді мүшесі М.Б. Қосанов

Жарияланды: