Есту қабілеті нашар балаларға арналған “Мен & менің әпкем” байқауы

2019 жылғы 16 қараша күні Семей медицина университеті VOLUNTEER CORPS еріктілерінің ұйымдастыруымен Есту қабілеті төмен балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында “Мен & менің әпкем” конкурсы ұйымдастырылды. Мақсаты – есту қабілеті төмен балаларға конкурс бағдарламасы бойынша ерекше көңіл-күй сыйлау. Байқауға Семей медицина университетінің 4 студенті және Есту қабілеті төмен балаларға арналған арнайы мектеп-интернатынан 4 оқушы қатысты.

Конкурс 5 кезеңнен тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша 1, 2, 3 орынды иеленген жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылып, басқа қатысушыларға  ынталандыру грамоталары мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, конкурс барысында көрермен балаларға қуаныш сыйлау мақсатында мультфильм кейіпкерлерінің костюмін киіп, түрлі ойындар ойнатылды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір