Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ҚР Тұңғыш Президент күні атап өтілді

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ҚР Тұңғыш Президент күні атап өтілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін атап өту Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

2019 жылғы 29 қараша күні СМУ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасында кафедра меңгерушісі И.М. Эфендиев басшылығымен Тұңғыш Президент күні атап өтілді. Кафедра меңгерушісі Имдат Мұсаұлы, профессорлық-оқытушылық құрам, Семей қ. жұқпалы аурулар ауруханасының балалар бөлімінің директоры м.а. С.Р. Каржаубаева және дәрігерлер мен басқа да қызметшілер, 706-топ интерн-педиатрлар, 6-курс «ЖТД» 606 және 609 топ интерндері және 410-топ ЖМ қатысты.

ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен сындарлы саясатының жетістіктері жөнінде Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі А.А. Мансурова баяндап өтті.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі И.М. Эфендиев тұңғыш президентіміздің Қазақстанның  мемлекет болып қалыптасудағы орны мен  халықаралық аренадағы беделіне тоқталды.

 

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты: Э.М. Ержигитова

Жарияланды: