Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының базасында клиника-эксперименталдық операциялық блокта тәжірибе жұмыстары жүргізілуде

Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының базасында клиника-эксперименталдық операциялық блокта тәжірибе жұмыстары жүргізілуде

2019 жылғы 4 желтоқсан күні профессор Н.А. Хлопов атындағы топографиялық және клиникалық анатомия кафедрасының базасында клиника-эксперименталдық операциялық блокта жақ-бет және пластикалық хирургия кафедрасының магистранты эксперименталдық жұмыстың бірінші кезеңін өткізді. Жетекшісі – PhD Саимова Айсұлу Жұмабайқызы, магистрант Шыңғаев Алишер Ермекұлы және Балтабеков Досжан Закарияұлы – балалар стоматологиясының жақ-бет хирургиясы бойынша 2 жыл резиденті. Олар тіс-жақ аппаратының пластикасы бағыты бойынша әртүрлі зақымдануларда экспериментальды операция жүргізді. Зерттеудің мақсаты сүйек тінін ауыстыратын биоматериалды имплантациялау арқылы сүйек ақауларын жабу болып табылады. Зерттеушілер кафедра базасында алғашқы тәжірибелік жұмыс кезеңін жалғастыратын болады.
Университеттің даму жобасы бойынша осы клиникалық-эксперименталдық операциялық блок құрылды, ол бірінші қыркүйектен бастап оқу және ғылыми бағытта толыққанды жұмыс істеуде. Операциялық блок жоспарланған бағыт бойынша жұмыс істей бастағанына өте қуаныштымыз. Осындай жобалардың көмегімен «Стратегиялық даму жоспарына» сәйкес белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге болатындығы біздің басшылығымыздың дұрыс бағытта жұмыс жасағанын көрсетеді. Сонымен қатар, біздің базада тек пән бойынша студенттер ғана емес, интерндер мен резиденттер тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп және кафедра оқытушыларымен белсенді жұмыс жасауда. Біздің қызметкерлер университеттің жас ғалымдарын әрдайым қолдайды, өз тарапынан демеу көрсетеді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі