2019 жылдың 7 желтоқсанында Семей медицина университеті Volunteer Corps еріктілері Аналар үйінде жас аналарға көмек көрсету мақсатында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойындағы мейірімділік, жанашырлық қасиеттерін дамыту, қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетуге шақыру.
Іс-шара барысында жас аналарға Семей қаласының Абай театрында «Махаббат қызық мол жылдар» қойылымына тегін жолдама берілді. Ал еріктілер бүлдіршіндерге қарайласып, олармен көңілді уақыт өткізді. Ұлдар қауымы Аналар үйіне көмек ретінде қар тазалап, олардың шаруашылық жұмысына жәрдемдесті. Осылай жас аналар да, сәбилер де, студенттер де бір серігіп қайтты, аналар театрдан алған сезімдерімен бөлісті. Аналар үйі басқармасы, жас аналар студентерге және Семей медицина университеті ұжымына, еріктілерге алғыстарын айтты.