«Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірменің отырысы

«Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірменің отырысы

2019 жылдың 28 қарашасында ҚР ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында «Molecular Genetics Researchers» студенттік ғылыми үйірменің отырысы өтті. Үйірменің құрамына «Жалпы медицина», «Фармация», «Стоматология» мамандығынан 1, 2 курс бойынша 40 студент кіреді. Студенттік ғылыми үйірмеде студенттер ғылыми зерттеуді, талдауды, интеграциялау, алынған мәліметтерді өңдеуді, ғылыми әдебиеттерге шолу жасауды үйреніп, топпен жұмыс жасау, зерттеу барысындағы материалды толық зерттеу дағдыларын дамытады. Отырыстың басында молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, доцент Оразалина Айнаш Сапарқызы сөз сөйледі. Оразалина Айнаш Сапарқызы үйірменің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді, кафедра үйірмесінің жетістіктері және өткен 2018-2019 оқу жылындағы студенттердің белсенді жұмысы туралы айтып, 2019-2020 оқу жылындағы ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттарымен таныстырды. Отырыс өткізу барысында студенттер өткен оқу жылының үйірме жұмысымен, кафедра ішінде құрылған “Студент-донор” студенттік волонтерлік ұйымының жұмысымен, студенттік жастар ұйымының қызметіне байланысты ғылыми жобалардың нәтижелерімен танысты. СҒҮ жетекшісі молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Кабаева Ақбота Ерланқызы.

ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисова атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында “Molecular Genetics Researchers” СҒҮ жұмысының негізгі ғылыми бағыттары: Семей өңіріндегі жаңа туған нәрестелер мен хромосомалық аурулардың, тұқым қуалайтын аурулардың таралуын, туа біткен даму кемістіктерінің құрылымын зерттеу; “СМУ” КеАҚ оқитын студенттердің, Абай облысында және жалпы Қазақстан бойынша қан топтарының тұқым қуалауын және резус-факторын талдау; донор болу. Осы бағыттар бойынша Семей қаласының перинаталдық орталығының медициналық-генетикалық кеңес беру кабинетінің генетика дәрігерлерімен және Семей қаласының қан құю орталығымен бірлесіп жұмысты жалғастыру жоспарлануда. Студенттерге ғылыми жетекшілер бекітілді.

Студенттердің тақырыптары бойынша жұмыс нәтижелері мен атқарылған жұмыстары туралы есептерді тыңдау және талқылау, зерттеу нәтижелері бойынша студенттік ғылыми конференцияларда сөз сөйлеу жоспарлануда.

 

Кадылбекова Д.К., ғылыми үйірме төрайымы, “Жалпы медицина” мамандығының 1104 топ студенті[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: