“Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!”

“Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!”

2019 жылдың желтоқсан айының 11-ші жұлдызы күні «Балалар стоматология» кафедрасында 506 стоматология тобы мен топ жетекшісі Абылкаирова Г.С. Тәуелсіздік күніне орай “Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!” деп аталатын кураторлық сағат өтті.

Тәуелсіздік  қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы, тәуелсіз мемлекетке айналуы бізге үлкен серпіліс, күш берді, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Бізге,  өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды. Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылуға бет алды. Табиғи байлығымызды өз иелігімізге пайдалана бастадық. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.

Тәуелсіздікке дейінгі, Кеңес Одағы кезеңіндегі қиын-қыстау уақытты, қиын өмірді еске алып жатамыз.   Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды. Бүгін міне, тәуелсіздіктің 28 жылдығы қарсаңында, тәуелсіздік жолындағы күрестің қысқаша тарихы, ел егемендігі мен азаттығы жолында өмірін құрбан еткен, елінің нағыз патриот азаматтарының ерлігін де еске аламыз.

Енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп, қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Сол себепті, ардақты студенттер, білімдеріңізді шыңдата түсіп елімізді алға жетелеңдер!

 

 

Ақпаратты дайындаған: 506 топ студенті

Нурланова Аида

 

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Оқушылар