9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

2019  жылдың 7 желтоқсан күні «стоматология» мамандығының 2 курс студенттерімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  «Под небом правды»  атты деректі фильмді тамашаладық. Фильмнің басты тақырыбы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері.

Бұл шараның негізгі мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру. Жыл сайын Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне байланысты іс-шаралар атап өтіледі. Сонымен қатар, бұл шараның тағы бір мақсаты – сессия барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша тұрақты ұстаным қалыптастыруға ықпал ету.

Ендеше жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірі деп айтуға болады. Ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермеуге тырысады. Адамды бала кезінен қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау, төзбеу рухында тәрбиелеп өсіру қажет деп ойлаймын.

 

«СМУ» КеАҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет мүшесі Т.А. Мұздыбаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір