2019 жылғы 29 қараша және 2 желтоқсан аралығында SCOPH қоғамдық денсаулық сақтау бойынша тұрақты комитеті, ҚМЖО ұйымы белсенділері мен Волонтерлер корпусы ұйымдастыруымен “Мейіріммен үйге” атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара мақсаты – көмекке мұқтаж отбасыларды ең қажет дәрілермен жабдықталған алғашқы көмек жинағымен қамтамасыз ету. Кейде жарақаттанған жағдайда үйде бір препарат, тіпті алғашқы көмек жинағы да болмауы мүмкін. Бұл көбінесе қоғамның әлеуметтік аз қамтылған топтары арасында жиі кездесіп жатады.
Белсенділер қажетті соманы жинап, көмек жинағын тарату мақсатында үйлерді аралап шықты. Кейбір отбасылар мұндай көмектен бас тартқан себептен қалған көмек жинақтары мешітке берілді. Біз медицина оқу орындары студенттерінің қоғамға көмек берудегі ізгі ниеттерінің ары қарай жалғасын табады деп үміттенеміз. Осы идеяны басқа медицина университеттері студенттері қолдап жалғастырады деп үміттенеміз, себебі жақсылық жасау – адамгершілік белгісі.