Халықаралық адам құқығын қорғау күні

Халықаралық адам құқығын қорғау күні

2019 жылдың 6 желтоқсанда Адам құқығы және бейбітшілік жөніндегі тұрақты комитеті SCORP ҚМЖО және MSAI Семей қаласының Медициналық университетінің қабырғасында “Халықаралық адам құқығын қорғау күніне” орай іс-шара өткізді, сондай-ақ шет ел студенттері белсене қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты адам және студент құқығын жоғары деңгейде ақпараттандыру, медициналық этикамен декларация және оның негізгі қағидалары жайлы сөз қозғалды. Бұл шараның жүргізушілері 5-ші курстың 511-ші группасының студенті: Изимгалиев Асылбек Изимгалиевич және 4-ші курстың 4141 группасының студенті: Амангелді Назерке болып табылады. Олар тақырыптың өзектілігі мен қағидасы туралы ой бөлісті.Тақырыпты түйіндеу үшін қатысушыларға жағдайлық есептер берілді, онда қатысушылар арасында қызу пікірталас болды. Сондай-ақ, 3 курстың 302 группасының студенті Ерланқызы Анель тренинг ұйымдастырып, іс-шараға қызығушылықты жандандырды. Соңында әркім оқиға туралы өз ойларын, түсініктемелерін, жұмыстың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарын қағазға жазып, оны постерге жапсыру арқылы кері байланыс бере алды.

 

Камаданова Дана Ермековна, 3111 ОМ

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар