Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі ұғым. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдыретті сөз. Осыған байланысты, Абайтану ұйымы мен Шығыс Қазақстан Облыстық Абай кітапханасы бірлесе отырып осынау айтулы мерекеге байланысты іс- шара ұйымдастырды.
Бұл шараға Абайтану ұйымының мүшелері белсене атсалысты. Нақтырақ айтсақ Жәнібек Жардемов «Батырлар туралы» ән айтса, Медеу Мейрамбек «Құс қайыру» жайлы күй шертіп, Нұрислам Есенов сол бір күннің сұмдығын көрсететін, қазіргі таңда алған тәуелсіздігімізді қадірлеуге шақыратын поэзия оқыған болатын. Бұдан басқа да қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, осы іс-шараға белсене қатысты. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Сондықтан да біз келер ұрпақ осындай байлығымыздың бар екеніне риза болып, оны қадірей біліуіміз керек.
Абайтану ұйымының жетекшісі: Ж.Қ. Жайрбаева
Абайтану ұйымының лидері: М.Н. Каримханова
Мақала авторлары: Ақерке Алтынбекова, Аружан Нұрболатқызы