2019 жылы 19 желтоқсанда жүрек-қан тамырлары және торакальды хирургия кафедрасында “Фтизиатрия” курсы бойынша студенттік ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында СҒҮ студенттерінің баяндамалары тыңдалды:
- Урматқызы Маржан «Туберкулез аурушаңдығының себептері»;
- Воронцова Айза, Исамдинова Гүлзарам “Туберкулез аурушаңдығының жиілігі»;
- Айдарбек Айша-Бибі тақырыбы: “А brief literature review of the analysis of possibilities of bacterioscopic and bacteriological methods of TB diagnosis advantages and disadvantages”.
ҚР туберкулез мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып қалғандықтан баяндамалар қызығушылық тудырды. Баяндамашыларға сұрақтар қойылды. Туберкулезді диагностикалау және оның пайда болу себептері тақырыбы бойынша пікірталас өтті.
Алдағы конференциялар талқыланды.
Студенттік ғылыми үйірме хатшысы Адай Жеңісбеков