Әскери кафедра курсанттары Мәншүк Мәметова атындағы мұражайды тамашалады

Әскери кафедра курсанттары Мәншүк Мәметова атындағы мұражайды тамашалады

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс, 1 взвод курсанттары м/қ подполковнигі  А. Смагуловтың басқаруымен әскери патриотизм және әскери міндеттілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында 2019 жылғы 20 қарашасында Мәншүк Мәметова атындағы мұражайға барды.

Мұражаймен танысу барысында курсанттар:

  • өз университетінің тарихы, ардагер оқытушылар өмірбаяндарымен және университеттің 66 жыл аралығындағы жетістіктері туралы білімдерін тереңдетті;
  • Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолы және ерліктері туралы танып-білді;

Студенттер аталған іс-шараға белсенді түрде қатысып, экскурсия қызықты және танымды өтті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар