Кезекті студенттер үйірмесінің отырысы

Кезекті студенттер үйірмесінің отырысы

2019 жылдың 20 желтоқсан күні «Семей Медицина университеті» ҚеАҚ Тусупова Д.М атындағы педиатрия кафедрасында кезекті студенттер үйірмесінің отырысы өтті. Отырыс барысында 703 топ интерн педиатры А. Голомышеваның «Аутоқабынулық аурулар. Синдром CINCA-NOMID», 703 топ интерн педиатры Т.Медведеваның «Аутоқабынулық аурулар. Синдром TRAPS» бойынша баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар кафедра ассистенті Иманмадиева Д.М  «Аутоқабынулық аурулар. Синдром CINCA-NOMID» тақырыбы бойынша клиникалық талдау жүргізді. СММУ университет госпиталында ем алған науқас баланың клиникалық жағдайы талданды. Қатысушы студенттерге талдау барысында осы ауру бойынша сұрақтар қойылып отырды. Барлық қатысушылар белсенді қатысты.

Сөз соңында 703 топ интерні Медведева Татьяна сөз алып,  Аутоқабынулық аурулардың дифференциалды диагностикасын жүргізудегі ерекшеліктеріне, диагностикалауына, қазіргі кездегі балалардағы кездесу жиілігіне тоқталып өтті. Сөз соңында бұл аурудың болжамы көп жағдайда өлімге әкеліп соғатыны туралы айтылды.

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva