2019- жылдың 18- желтоқсанында 5106- топ студенттері Д.М. Түсіпов атындағы педиатрия кафедрасында, резидент Н.Ербағанқызының жетекшілігімен бірге кітапханалық сағат өткізді. Ең алдымен кітапханамен танысып, жалпы кітапхана жұмысы бойынша мәліметтер алдық. Бұл іс- шара барысында топ студенттері «Нәрестенің кенеттен өлімі» тақырыбында заманауи мақалаларды талқылап, статистикалық талдау жұмыстарын жүргізді.