2019 жылы 23 желтоқсанда жүрек-қан тамырлары және торакалды хирургия кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тамыр хирургиясының өзекті мәселелері” тақырыбында пәндік олимпиада өтті. Олимпиада ашылуында жүрек-тамыр және торакалды хирургия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич сөз сөйледі.
Олимпиада 3 кезеңде өтті.
1 кезең – тестілеу, оған “Жалпы медицина” мамандығының 4 курс 44 студенті қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша 2 кезеңге 11 студент өтті.
2 кезең – созылмалы веноздық жеткіліксіздігі бар емделушілерде клапанды жеткіліксіздікті анықтау үшін практикалық дағдыларды тапсыру (дағдысы: веналардың клапанды жетіспеушілігін анықтау үшін функционалдық сынамалар). 2 кезең қорытындысы бойынша 6 студент іріктелді.
3 кезең – тәуелсіз комиссияның қатысуымен өткен тақырыптар бойынша әңгімелесу (сұрақ-жауап): Дюсупов Алт. А., Масалимов Е. О., Төлеутаев Т. А.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:
1 дәрежелі Диплом – Айтқанова Аида 4218 ЖМ;
2 дәрежелі Диплом – Күнтуғанұлы Қажыбұлан 4207 ЖМ;
2 дәрежелі Диплом – Ділдебаев Олжас 4218 ЖМ;
3 дәрежелі Диплом – Ыктиярова Тогжан 4242 ЖМ;
3 дәрежелі Диплом – Аубакирова Эльмира 4207 ЖМ;
3 дәрежелі Диплом – Байдүйсен Сабина 4207 ЖМ.
Олимпиада соңында профессор Дюсупов Алтай Ахметкалиевич жеңімпаздарды “World Medicine” компаниясынан термостакандар, термостандар, үстел сағаттары және фирмалық тұтқалар түрінде естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады. Соңында Алтай Ахметкалиевич кафедрада алған білімдерінің маңыздылығын атап өтті.
Жүрек-қантамыр және торакальды хирургия кафедрасының меңгерушісі Т.А. Төлеутаев[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]