СМУ әскери кафедра курсанттары ҚР Журналистер одағының мүшесі Қалиақпаров Шаймардан Ахмарұлының 80 жыл мерейтойына орай өткізілген  шығармашылық кешті тамашалады

СМУ әскери кафедра курсанттары ҚР Журналистер одағының мүшесі Қалиақпаров Шаймардан Ахмарұлының 80 жыл мерейтойына орай өткізілген шығармашылық кешті тамашалады

Семей медицина университетінің әскери кафедра курсанттары Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің  ұйымдастыруымен Абай Құнанбаев атындағы облыстық драма театрында 2019 жылдың 21 желтоқсанында  Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Қалиақпаров Шаймардан Ахмарұлының 80 жыл мерейтойына орай өткізілген  шығармашылық кештің көрермені болып қайтты.

Әскери кафедра студенттері мен қаланың әр түрлі қоғамдық  бірлестіктері арасындағы әскери-патриоттық бағыттағы бірлескен іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Аталған шара тәрбиелік  және патриоттық жұмыстың жалғасы болып табылмақ.

Шаймардан Ахмарұлы Қалиақпаров 1939 жылдың 20 желтоқсанында бұрынғы Семей облысындағы Жаңа Семей ауылына қарасты Қызыл Құйған ауылында дүниеге келген. 1960-1980 жылдары Кеңес Одағының Кеңес армиясында әскери қызметте болған. Кемерево әскери байланыс училищесінде алған жоғары әскери білімі қызмет баспалдағымен өсуіне ықпал етіп, қатардағы жауынгерден Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковник шеніне жеткізді. Сондай-ақ Шаймардан Ахмарұлы Қалиақпаров редакциялық қызметті әскери қызметпен ұштастыра біліп, бірнеше кітап қатары авторы атанып, жазған материалдары көптеген республикалық облыстық және қалалық басылымдарда басылып шықты.                     Курсанттар шығармашылық кеште Шаймардан Ахмарұлының өмірбаяны жайлы театрлық қойылымды тамашалап және 17-ші авторлық кітабының тұсаукесеріне куә болды. Өзінің сүйікті ісімен айналысқан Шаймардан Ахмарұлы салауатты өмір салтын ұстану арқылы жанды да, тәнді де жас қалыпта сақтауға болатындығын терең оймен жеткізіп, жүріп өткен тар жолы мен басынан өткен қиыншылықтарын айтып, курсанттарды патриоттық сезімге, өз Отанына жанқиярлық қызметке, өз жеріне деген махаббатқа баулыды.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар