Мейіргер ісі кафедрасының жетекшілігімен Башкент университетінің профессоры PhD Хайрие Унлу «Cынғыш сүйек кезіндегі мейірбикелік күтім» тақырыбында бір күндік мастер-класс өткізді. Хайрие Унлу тірек-қимыл жүйесі патологиясы бар науқастардың қауіп факторлары және күтіміндегі ерекшеліктері туралы баяндап берді. Мастер-класста Семей қаласының Жедел Медициналық Жәрдем ауруханасы мейіргерлері қатысты. Профессор бөлімшенің жұмысымен танысып, мейіргер-менторлармен жүздесті.