Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке.

Жаңа Жыл қарсаңында университетіміздің кәсіподақ ұйымы университет қызметкерлері мен білім алушылардың балаларына арналған Жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды. Ертеңгілік қаламыздың Абай атындағы театрында өтті.

Балақайларға  арналған қуыршақ, қоян, жұлдыз жауынгер сынды түрлі кейіпкерлерден құралған ертегі мен қызықты әрі естен кетпес мерекелік қойылым ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

Университет қызметкерлері мен білім алушылардың балаларына арналған Жаңа Жылдық ертеңгілік 30 желтоқан күні жалғасын таппақ.

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva