Абай әлеміне бір қадам

Абай әлеміне бір қадам

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың желтоқсан айының 25 жұлдызында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 215 топ студенттері топ жетекшісі қалыпты физиология кафедрасының доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовнамен бірге қаламыздың мемлекеттік Абай мұражайына барып, қайталанбас күшті әсер алды. Абай өмір сүрген ғасырдың көріністерін көріп, Абайды қоршаған орта туралы мағлұмат алып, өзіміздің жан дүниеміздің сәл байығандығын сезгендейміз. Кезінде Абай ұстап, табалдырығынан аттаған кітапхананың ағаш есігіне біз де қолымызды тигізіп, бір сәт таңғажайып сол ақын өмір сүрген заманға бір қадам жақындағандай болдық.

Абай өлеңдерінен үзінділер келтірілгенде, топ студенттерінің оған қосыла айтқандары немесе жалғастырып ары қарай тарқата алғандықтары, жас өскелең ұрпақтың өз ұлтының қайталанбас біртуар ақынымен мақтантындығын, оны пір тұтатындықтарының белгілі дәлеліндей болды. Жетектегі топта Абай оқуларына, жарыс сайыстарға мектеп қабырғасында қатысқан студенттер бар.

“Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен ізбасарларының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық болып табылады.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес…”

Бұл сөздердің  мағнасын енді ұғып, көз жеткізгендейміз. Абайдың айналасы, туыс-інілеріне және ақынды дүниеге паш еткен М. Әуезовке арналған көрмелік заттарды көріп, қазақтың Абайының рухани дүниесінің айрықша бай болғандығына куәгер болдық.

Мұражайдан алған әсеріміз сөзбен айтып жеткізуге келмейтіндей, тек ризашылық ықыласымызбен ғана баяндалады. Рухани жан дүниеміз жаңғырғандай сезімдеміз.

 

Қалыпты физиология кафедрасы доценті А.С. Сайдахметова[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: