2019-2020 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясының дайындығына байланысты, медицина мектебінің қызметкерлері – декан орынбасары Л.К. Садыкова, және әдіскер Ф.Т. Зыханованың ұйымдастыруымен “Жалпы медицина” мамандығының 5 курс білім алушыларымен дәстүрлі жиналыс өткізілді. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің төрайымы О.А. Усенова және Медициналық білім беру сапасын бақылау комитетінің бас маманы Р.М. Бикбаев қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде “СМУ” КеАҚ-да университеттің қызметіндегі парасаттылық, Академиялық адалдық, ашықтық мәселелеріне арналған тұжырымдамалық іс-шаралар қолданылады. Сонымен, білім алушылар ағымдағы пән саясатымен, ішкі тәртіп Ережелерімен, Академиялық адалдық саясатымен, “Таза сессия” қағидаларымен қайта танысты. Алдағы қысқы емтихандық сессияға қатысты сұрақтар, емтихан кезіндегі тәртіп ережелері түсіндірілді, сондай-ақ, білім беру үдерісіндегі теріс пиғылды және құқық бұзушылықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік туралы тақырыптар көтерілді.
Медицина мектебі