“Жалпы медицина” мамандығының 4 курс білім алушыларымен жиналыс

“Жалпы медицина” мамандығының 4 курс білім алушыларымен жиналыс

Желтоқсанның 27 күні “Жалпы медицина” мамандығының 4 курс білім алушыларымен 2019-2020 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясының дайындығына байланысты медицина мектебінің қызметкерлері – декан орынбасары Л.К. Садыкова және әдіскер Ф.Т. Зыханованың ұйымдастыруымен дәстүрлі жиналыс өткізілді. Атаулы жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің төрайымы О.А. Усенова, Ішкі аудит қызметінің басшысы А.Г. Габдоллаевна және Медициналық білім беру сапасын бақылау комитетінің бас маманы Р.М. Бикбаев қатысты.

Медицина мектебінің декан орынбасары Л.К. Садықова білім алушыларға босаған білім гранттары бойынша конкурстың өту тәртібі мен ережесін, қысқы-емтихан сессиясының кестесін және негізгі ережелер мен талаптарды атап өтті.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде “СМУ” КеАҚ-да университеттің қызметіндегі парасаттылық, Академиялық адалдық, ашықтық мәселелеріне арналған тұжырымдамалық іс-шаралар мәселесі төңірегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің төрайымы О.А. Усенова, Ішкі аудит қызметінің басшысы                            А.Г. Габдоллаевна сөз қозғап, студенттердің атаулы мәселеге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, білім алушылар Медициналық білім беру сапасын бақылау комитетінің бас маманы Р.М. Бикбаевтың баяндауымен пән саясатымен, ішкі тәртіп Ережелерімен, Академиялық адалдық саясатымен, “Таза сессия” қағидаларымен қайта танысты. Алдағы қысқы емтихандық сессияға қатысты сұрақтар, емтихан кезіндегі тәртіп ережелері, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі теріс пиғылды және құқық бұзушылықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік туралы тақырыптар көтеріліп, студенттерді толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап қайтарылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.

 

Медицина мектебі

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар