Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының СҒҮ кезекті отырысы өтті

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының СҒҮ кезекті отырысы өтті

Желшешек – Varicella Zoster-мен шақырылатын, өте контагиозды жұқпалы ауру. Өзектілігі сырқаттанушылықтың жоғары деңгейімен, жаппай таралуымен, жалпы жұқпалы патология құрылымындағы үлес салмағының артуымен айқындалады.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының СҒҮ кезекті отырысында «Желшешек, клиникасы, асқынуы, емі» тақырыбында баяндама оқылып, клиникалық жағдай талқыланды. Баяндамашылар: Төлеубай Д, Ратмуханбетова Т, Базарғазы Д.

Желшешек қызбамен, терідегі және шырышты қабықтардағы полиморфты бөртпе: дақ-папул-везикула-қабыршақтанумен сипатталады. Вирус дерматотропен ғана емес, нерв жүйесі тарапынан зақымдануды тудыруы оның нейротропты қабілетін көрсетеді. Жел шешек кезіндегі неврологиялық асқынулардың жиілігі, олардың арасында ең маңыздысы қабырға аралық невралгия (герпес зостер), сондай-ақ, энцефалит. Желшешек қатерсіз ауру деп саналады, алайда кейбір жағдайларда асқынулар дамуы мүмкін, олардың ішінде терінің іріңді зақымдануы жиі кездеседі: абсцесстер, фурункулдар, флегмондар. Терінің іріңді асқынулары негізінде стафилокктермен немесе стрептокктермен суперинфекция жатыр.

 

СҒҮ жауапты ассистент Смаилов Е.С.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі