Семей медицина университетінің Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының ассистенті, топ кураторы Козубаева Динара Бегимхановна «Жалпы медицина» мамандығының 306 топ студенттерінің қатысуымен «Студент және қоғам» пәніне арнап, «Студенттердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Топ кураторы «Студент және қоғам» пәнінің мақсаттарын, оның студенттерге тигізер пайдасын, атқарылатын іс-шараларды және студенттердің қалай бағаланатындығын баяндап, түсіндіріп берді. Ал, топ студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды. Олар өздерінің университет қабырғасында өтіп жатқан іс-шараларға қосқан үлестері туралы айтты. Артынан әрбір студент өзі мүше болып жүрген ұйымдары жайлы және сол ұйымда қандай жұмыстар атқаратыны жайлы бөлісіп, өз тобының басқа да студенттерін сол ұйымдарға қосылуына ұсыныс білдірді. Соңынан топ кураторы студенттерді жоспарда тұрған қоғамдық іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісіп, студенттерді сол іс-шараларға белсене қатысуына шақырды.
Топ кураторы Козубаева Динара Бегимхановна