Басқарма Төрағасы – Ректор «Жалпы медицина»  мамандығының 2 курс студенттерімен кездесті

Басқарма Төрағасы – Ректор «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттерімен кездесті

2020 жылғы 21 қаңтар күні Басқарма Төрағасы – Ректор Е.Т. Жүнісов «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттерімен кездесу өткізді. Сонымен қатар, іс-шараға Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Фазыл Сердар Гюрель, Басқарма төрағасының оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.А.
Жанаспаев, академиялық жұмыс департаментінің директоры А.Б. Жүнісова, инновациялық білім беру департаментінің директоры Мысаев А.О., Медицина мектебінің деканы Пак Л.А., Медицина мектебінің декан орынбасары Бужеева А.С. және медициналық білім сапасын бақылау бөлімінің әдіскері А.А. Проказюк қатысты.

Басқарма төрағасы – Ректор студенттермен әңгіме барысында университеттегі білім беру бағдарламасына қатысты оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.  Басқарма төрағасының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А. Жанаспаев студенттердің үлгерімін бағалау және бақылау әдістері, теориялық және тәжірибелік білімді бағалау принциптері туралы сұрақтарына жауап берді, 2 курс студенттері өткен семестрдің нәтижелері туралы талқылап өз ойларын білдірді. Жалпы, еркін пікірсайыс форматындағы кездесулер студенттерге де, университет әкімшілігіне де оқу процесінің ерекшеліктерін жақсы түсінуге және туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі. Білім алушылар кездесу барысында қызығушылықпен тыңдап, өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

 

Медицина мектебі

Жарияланды: