Ухань. Жаңа коронавирус

Ухань. Жаңа коронавирус

Коронавирус дегеніміз не?

Коронавирус жануарлар мен адамдарды зақымдайтын вирустың кең таралған түрі болып табылады. Адамның иммундық жүйесі әдетте адамдарды зақымдайтын коронавирустарды жеңе алады.  Бұл вирус әдетте суық тию белгілері сияқты симптомдарды тудырады.

2019 жылы коронавирустың өршуі қалай басталды?

Аурыдың өршуі алғаш Қытайдың Ухань қаласы, Хубэй провинциясында пайда болды. Алғашқы зардап шеккендердің көпшілігі осы аудандағы теңіз өнімдері мен жануарлар нарығымен байланысты болды.Бұл осы өршудің жануарлар коронавирус нұсқасы ретінде басталғанын көрсетеді. Содан бері вирус Қытайдың басқа бөліктерінде, Азия мен АҚШ-тың кейбір  елдеріндегі адамдардан табылды

Вирустың қандай белгілері бар?

Бұл вирустың белгілері пневмония белгілеріне өте ұқсас. Пневмония сияқты коронавирус та ауыр ауруды тудыруы мүмкін.  Бірнеше адам осы инфекциядан қайтыс болды. Пневмония сияқты, коронавирустың ең маңызды белгілері:

* қызба және жөтел

Тағы да басқа мынандай белгілер тудыруы мүмкін:

* ентігу

* тамақтың ауруы

* мұрынның бітелуі

*  бұлшықет ауырсынуы

* бас ауруы

* нашар көңіл-күй

Коронавирус кейбір адамдарда  сепсис тудыруы мүмкін. Бұл ағзаның иммундық жүйесі әлсіз болған жағдайда туындайды. Сепсис белгілеріне кіреді:

* қызба

* жүрек соғуының жиілеуі

* сананың бұзылуы

* зәр шығарудың бұзылуы

* бөртпе

Көріп отырғаныңыздай, коронавирус симптомдарының көпшілігі суық тию  немесе тұмау симптомдарына ұқсас. Сондықтан арнайы  анализсіз коронавирусты диагностикалау қиын.

 

Емдеудің тиімді әдістері қандай?

Алдын алу

Адамдарға ұсынымдар:

* кеуде қуысының немесе тамақтың жедел ауруы бар немесе жөтел сияқты симптомдары бар адамдармен қарым-қатынаста болмауға тырысыңыз

* қолыңызды жиі жуыңыз, әсіресе адамдармен тікелей байланысқаннан кейін.

* ауылшаруашылық немесе жабайы жануарлармен тығыз байланыста болмаңыз.

Сіз жақында вирусты зақымданған аудандарда болсаңыз (әсіресе Ухань қаласында), және сіз ауырып қалсаңыз:

* үйде қалыңыз және басқа адамдармен қарым-қатынас болдырмауға тырысыңыз

* дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бірақ дәрігерге немесе шұғыл көмек бөліміне алдын ала қоңырау шалыңыз және оларға жақын арада саяхаттарыңыз және симптомдарыңыз туралы айтып беріңіз.

* өзіңізді нашар сезінгенше саяхаттамаңыз

* жөтел немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды салфеткамен немесе киімнің жеңімен (қолмен емес) жабыңыз

* қолды сабынмен жиі және мұқият жуыңыз.

* Егер қол жуу мүмкіндігі болмаса, оларды дезинфекциялау құралымен өңдеңіз

 

Емдеу

Коронавирустық инфекцияны болдырмау үшін вакцина жоқ және дәрі жоқ. Коронавируспен ауыратын науқасты емдеу пневмония немесе кеуде қуысын зақымдайтын  кез келген басқа вирустық инфекция сияқты.

Егер сіз ауруханада емделсеңіз, сіздің емініз болады:

* режим

* көп мөлшерде сұйықтық алу,  мүмкін тамшы арқылы (көктамыр ішіне)

* оттегі (егер қажет болса)

* мұқият мониторинг.

Сізде бактериялық инфекция пайда болса, антибиотиктер тағайындалады.  Егер ауру жеңіл түрде өтсе, емді үйден алуға болады.

Үй жағдайында науқасты күту бойынша ұсыныстар:

* науқас жақсы желдетілетін бөлмеде болуы керек

* Науқасты күтетін адамдар саны мүмкіндігінше шектелуі тиіс

* маскалық режим

* Науқас адамға жанасқаннан кейін қолды мұқият жуу. Қажет болса бір реттік қолғап кию.

* Ауру адам пайдаланатын кез келген майлықтарды мұқият тазалау.

* жеке  сүлгі және төсек-орын  жабдықтарын пайдалану

* Қолданғаннан кейін науқастың ыдысын мұқият жуу.

* Тұрақты түрде адам жанасатын кез келген заттардың бетін сүрту және зарарсыздандыру.

* Дәретхана мен ванна бөлмесінің бетін үнемі тазалау

* 60-90 ° C температурада науқастарға қолданылатын барлық киімді, төсек-орын жабдықтары мен сүлгіні жуыңыз.

Болжамдар:

Коронавирусты жұқтырған адаммен не болады деп айту мүмкін емес. Нәтиже әртүрлі болуы мүмкін. Бұл сіздің иммундық жүйеңізге байланысты. Көбінесе вирус ауыр ауруға шалдықтырмайды. Бірақ өлімге әкелетін  жағдайлар да болды. Жағдай тез өзгереді, уақыт өте келе біз осы ауру туралы көбірек білеміз. Қазіргі уақытта, дегенмен, коронавирусты жұқтыру қаупіне ұшыраған біреумен байланыста бола қалсаңыз, сіздің қолыңыздан келетіні ең алдымен жоғарыда айтылған кеңестерді орындаңыз. Бұл ақпарат медициналық кеңес алудың орнына қолданылмауы керек. Егер сізде аурудың белгілері пайда болса, міндетті тұрде дәрігерге бару қажет.Жағдай тез өзгеруде, уақыт өте келе біз бұл ауру туралы көбірек білетін боламыз.

 

Bestpractice.bmj.com

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс