Ұлы Абайдың мол рухани мұрасын тереңнен танып білу мақсатымен 2020 жылдың 21 қантарында «Жалпы медицина» мамандығының 2227 топ студенттері және кураторы жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Г.Н. Табулдиновамен бірге Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайына экскурсияға бардық. Аталған жерде көптеген көне және құнды заттар, соның ішінде Абайдың хаттары, оған сыйға тартқан сыйлықтары, қолданылған заттарын көрдік. Сонымен бірге Абай Құнанбаевтың әйеліне сыйға тартқан ер-тоқымы, өзінің қолданған ыдыс-аяқтары, оқыған кітаптарымен таныстық. Мұражай қызметкері экскурсия барысында бізге әрбір жәдігер арқылы Абай әлемінің мол мұрасын көрсетіп, баяндап берді. Абай мұрасын зерттеген абайтанушылар туралы көп мәлімет алдық. Жалпы осы мұражайдан алған әсерім өте ерекше. Бізде көптеген ақын, ғалымдарымыз Семей қаласында туып, сауаттарын ашқан. Мен осындай Абай Құнанбаев сияқты ұлы ғұламаларымыздың аяқ басып, білім алған жерінде оқып жатқаныма мақтанамын. Абайдың рухани мұрасы біз үшін баға жетпес құндылық болып мәңгілікке қала береді.
Абен Аянат 2227 топ студенті
Куратор Г.Н. Табулдинова