«Театр – ұлт рухының жаршысы»

«Театр – ұлт рухының жаршысы»

«Театр – адамдарды туыстастыратын шығармашылық отбасы», – деп Шәкен Айманов айтқандай, расында театр сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Осылай адам жанының құрулы тезі, ел мінінің түзеуші ұстасының бірі болып жүрген Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында орналасқан «Дариға-ай» жастар театры. Біз, Семей медицина университетінің, 3-курс «Жалпы медицина» мамандығының 3126-топ студенттері қаңтар айының жиырма алтыншы жұлдызында Жастар  саясаты және сыртқы байланыстар департаментінің директоры Г.Н. Таңатарованың бастауымен, Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы, магистр, куратор А.Қ. Қанатбекова мен Абай  атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында болып, «Дариға-ай» жастар театрының қоюымен  «Миллион кімге бұйырады?»  атты қойылымын тамашалап қайттық.

Немістің танымал режиссері Михаэль Тальхаймер «Егер қоғамның жаны жаралы болса, театр оны «бəрі жақсы болады» деген желеумен емдеуге тиісті емес, керісінше, сол жараны нұқып көрсетуі керек, қаттырақ айтсам, сол жарасына саусағын батыру керек. Ауырту керек. Сол кезде ғана театр көрермен алдындағы өз борышын өтейтіні анық», – деп көрсеткендей қоғамның жаралы тұсын «Дариға-ай» жастар театры өз қойылымымен бізге анық көрсетіп берді. Қоғамға ақша системасы қосылмағанда, бұл әлем қалай болушы еді? Адамдар барынша мейрімді, бір-біріне билік етпей, қамқор болушы ма еді, кім біледі. Әрине ақшаны материалдық қажеттілікке ғана қолдансақ ол жақсы, бірақ қазір адам жан дүниесі ақшаның шырмауынан шыға алмайтын кез болды. Терең тұңғиыққа батқандай, есі ауысқан жандай, сол бір шіркіннің артынан жүгіретін болдық. Міне, осының бәрі «Миллион кімге бұйырады?» қойылымы арқылы ақшаның қаншалықты қоғамды өзгертетінін дәлелдеп берді. Адам өзін-өзі сақтап қалу үшін, рухани құндылықтарына кір жақпас үшін, үнемі театрдан сабақ алып отыруға тиісті деп санаймыз.

 

Арафат Қалдыбек 3126 топ

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар