2020 жылдың 30 қаңтар күні Басқарма Төрағасы – Ректор Е.Т. Жүнісов «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттерімен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуге Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары (Провост) Фазыл Сердар Гюрель, Академиялық жұмыс департаментінің директоры Жүнісова А.Б., Медицина мектебінің деканы Пак Л.А., ОККМО әдіскері Проказюк А.А., Медицина мектебі деканының орынбасарлары Садыкова Л.К., Уристемова А.К., Медицина мектебінің әдіскерлері Зыханова Ф.Т., Садвакасова Ш.Ж., Калиева Н.С., сонымен қатар жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының ассистенті Тренина В.А. қатысты.
Басқарма Төрағасы – Ректор курс студенттеріне осындай кездесулердің өзекті мәселелерді талқылау, қажетті сұрақтарға жауап алу, өзара түсіністікте болу үшін аса маңызды екенін атап өтті. Кездесу барысында университеттің ұстанған стратегиясы, оқу үрдісіндегі орын алып жатқан өзгерістер, мемлекеттік грантты өтеу туралы мәселелері талқыланды.
Түркия мемлекетінде білім алу туралы Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары (Провост) Фазыл Сердар Гюрель мырза ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді.
Сонымен бірге, іс-шарада бүгінгі күнде өзекті болып отырған «Короновирусты алдын-алу және емдеу» тақырыбында ақпарат берілді. Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының ассистенті Тренина В.А. вирустың таралу жолдары мен салдары, диагностикасы мен емдеу туралы студенттердің сұрақтарына жауаптар берді.
Атаулы кездесудің өткізілуі білім беру үрдісіндегі түйіткілді мәселелерді аңықтап, оларды шешудің жолын қарастыруда барлық қатысушылар үшін өте маңызды және қажет шара!
Медицина мектебі