Ақпанның 1-і күні Семей медицина университетінде «Level Up» ұйымының ұйымдастыруымен «English speaking club» өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – студентерге ағылшын тілінде еркін сөйлеуді үйрету. Ұйым мұғалімдері әр түрлі тақырыпта сұрақтар құрастырды. Студенттер сол сұрақтарға жауап бере отырып, өздері жайлы ағылшын тілінде баяндады. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Студенттер жақсы көңіл күймен жылы лебіздерін білдірді.
«Level Up» ұйымының жетекшісі Ж.К. Жайрбаева
«Level Up» ұйымының лидері Г.Б. Жумашева