«Семей медицина университеті» КеАҚ докторантураға түсу үшін алдын-ала іріктеу болатынын жариялайды.
Алдын ала іріктеу 2020 жылдың 1 ақпанынан 31 мамырына дейін жүргізіледі.
Докторантураға түсу үшін алдын–ала іріктеу өлшемдері:
- Ғылыми жобаларға қатысу (ғылыми жобаның УҒҰ отырысының хаттамасы).
- Мақаланың болуы (БҒСБК ұсынған журналдарда, рецензияланатын журналдарда кемінде 1 басылым мақалаларын ұсыну).
- Әр түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларда баяндамалардың болуы (конференция бағдарламасы).
- Ағылшын тілін білу:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm – Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 138 балл),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 32),
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 400,
Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 47),
International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 4.5);
- Ғылыми зерттеулер әдіснамасы, биостатистика, дәлелді медицина саласындағы білім (оқудан өткені туралы сертификаттың болуы, транскрипт, дипломға қосымша).
- Зерттеу үшін өзекті ғылыми тақырыптың болуы (ғылыми зерттеулерге аннотация).
- Ғылыми жетекші және шетелдік кеңесші болуы.
Алдын ала іріктеу мәселелері бойынша, толық ақпаратты ғылыми-зерттеу бөлімінен алуға болады 8 (7222) 522094 (ішкі. 1091). Өтініштер e–mail бойынша қабылданады: science@smu.edu.kz