Қаламыздағы ең көне кітапханалардың бірі – Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Мыңдаған оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген мәдени орынға ғасырдан артық уақыт өтіпті. Семей қаласының тарихы бойынша маңызды орын алатын кітапхана тарихы Абаймен тығыз байланысты болғандықтан, 1992 жылы кітапханаға қазақтың кемеңгер ақынының есімі берілген. XIX ғасырдан бері ғұламалар мұрасын ғасырдан ғасырға дейін сақтап, талай оқырман үшін білім ордасы болған киелі шаңыраққа Семей медицина университетінің 1120-2113 жалпы медицина мамандығының студенттері кураторы Н.М. Абешовамен бірге барды. Студенттерге кітапхана қызметкерлері «Абайдың рухани орталығы» бөліміндегі сирек кездесетін жазбалар туралы түсіндіріп, көптеген мағлұматтар берді.
ЖМ 1120-2113 топ кураторы Н.М. Абешова, студент Е. Айнабаев