Коронавирустың алдын алып сақтық шаралары жайлы ақпараттық жұмыс

Коронавирустың алдын алып сақтық шаралары жайлы ақпараттық жұмыс

Әр адам өз денсаулығына мән беріп, денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыруға назар аударғаны жөн.Себебі, адам капиталының – сапасы мен саны оның денсаулығына тікелей байланысты. Қазіргі  уақытта ақпарат алу жеделдеп, мағлұмат алудың түрлері молайған кезде бар мүмкіндіктерді пайдаланып, ауырудың алдын алып сақтануға жағдайлар жасалған. Осы мақсатпен  №3 жатақхананың 2 дәріс залында жалпы медицина мамандығының 2113,1120 топ студенттері 1- 2 курсқа  коронавирустың алдын алып сақтық шаралары  жайлы ақпараттық  жұмыс жүргізді. ЖМ 2113 топ студенті Абеков Ғалымбек коронавирустың таралу жолы мен алдын алу шаралары туралы  айтты. Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шығармай биік ұстағанымыз жөн.

Топ кураторы Н.М.Абешова, топ старостасы Ғ.Абеков

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva