Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін  алғыс айтамыз

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз

Бізге Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Башкент университетінде  21 қазан 2019 және 24 қаңтар арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі бұйырды.

Біз 11 апталық кардио-респираторлық жүйе клеркшипін  және 3 апталық анестезиология циклін тыңдадық. Алғашқы екі апта теориялық лекция түрінде өткізілді. Клерекшипке кіретін кардиология, ЛОР, пульмонология т.б. бөлім оқытушылары дәріс өткізді. Екі апта соңында формативті сынақ алынды.

Келесі 9 апта университет клиникасында практикалық түрде өтті. Практикалық сабақтар  4 түрлі тәсілмен жүргізілді: ÖTD, GBG, ÖP және visit.

ÖTD (öğrenci teorik dersi) – бұл сабақта клиникалық жағдайды адым-адым талдадық. Алғашында келген симптомдардан, жағдайды зерттей отырып клиникалық диагнозын және емін талқыладық.

GBG (girişimsel becerilerin geri bildirimi) – бұл сабақ түрі біздің университеттегі OSCE-ге ұқсас. Бұл сабақтарды ЭКГ, дефибриллятор қалай қолдану керек, қалай оқу керек. Артериядан қан алуды, спирометрияны қолдануды, және әр жасаған зерттеуіміздің нәтижесін талдауды үйрендік.

ÖP (öğrenci poliklinik) – бұл сабақта әр студент бір дәрігерге бекітіледі, және поликлиникадағы қабылдауларда мұғалім бақылауымен анамнез, физикалық бақылау жасауды және әр жағдайдағы берілген ем-шараларды үйрендік.

Visit – бұл сабақ түрі стационарда өткізілді. Бұл сабақта 3-4 адамдық мини-группа құрып әрқайсымыз өзімізге берілген науқасты дайындадық. Яғни, анамнез жинау, физикалық талдау жасау, лабороторлық және де инструменталды талдауларының нәтижелерін зерттедік. Соңында жасалған жұмысымызды оқытушымызға ұсындық. Клеркшип соңында ауызша және жазбаша KEYPS–те емтихан тапсырылды.

Жаңа технологиялар мен жаңа мәдениет, тілімізді жетілдіріп, білім мен тәжірибемізді шыңдау, осының барлығы біздер студенттер үшін жасалған үлкен мүмкіндік деп білеміз. Осы мүмкіндікті студенттер үшін жүзеге асырып отырған білім ордамыздың әкімшілігіне алғысымыз шексіз.

 

«Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері

Баймурунова Диляра, Рахимова Камила

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva