“Жалпы медицина” мамандығының 1 және 4 курс білім алушыларымен жиналыс

“Жалпы медицина” мамандығының 1 және 4 курс білім алушыларымен жиналыс

29 қаңтар күні Басқарма Төрағасы Ректор Е.Т. Жунусов «Жалпы медицина» мамандығының 1 және 4 курс студенттерімен кездесуі ұйымдастырылды. Атаулы іс-шараға Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (Провост) Фазыл Сердар Гюрель, Басқарма төрағасының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары М.А. Жанаспаев, Академиялық жұмыс департаментінің директоры А.Б. Жунусова, Жастар саясаты және сыртқы байланыстар Департаментінің директоры Г.Н.Танатарова, «Жұқпалы аурулар» кафедрасының ассистенті Ж.М. Исабекова қатысты.

Кездесу «Короновирусты алдын – алу және емдеу» тақырыбына арналған дәрістен басталды. Студенттер вирустардан қорғану және алдын алу шаралары туралы ақпаратпен жан-жақты танысты.

Басқарма Төрағасы – ректор курс студенттеріне интеграцияланған жүйенің ерекшеліктері туралы, студенттердің ұтқырлығы және басқа елдерге барған кезде шет тілдерін білудің маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар жоғары оқу орнын таңдаудың дұрыстығы мен жалпы білім берудің маңыздылығына тоқталды.

Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары (Провост) Фазыл Сердар Гюрель Башкент университетіндегі білім беру бағдарламасы туралы және нострификациясыз Түркияға резидентураға оқуға түсу мүмкіндігі бар екендігінен хабардар етті.

Жастар саясаты және сыртқы байланыстар жөніндегі департамент директоры         Г.Н. Танатарова студенттердің жүріс-тұрыс мәдениеті, университеттің барлық ережелері мен ішкі тәртіпті сақтаудың маңыздылығы жайлы әңгіме өткізді, сонымен қатар дәрігердің жоғары дәрежесіне сай болу қажеттілігі туралы баса айтты.

Жиын соңында студенттер өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

 

Медицина мектебі

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva