Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылдың 29 қаңтарында Жалпы медицина мектебінің 2227 топ студенттері мен топ жетекшісі жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Г.Н. Табулдиновамен бірге Ұлы ақын Абай атамызыдың мол мұрасына қанық болу мақсатымен Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасына экскурсия жасадық.
Экскурсия барысында белгілі болғандай, Абай кітапханасы алғашқы жылы кітапхана қорында қала халқы сыйға тартқан 270 дана кітап болып 130 оқырманға қызмет көрсеткен. Кітапхананың алғашқы оқырмандарының қатарында болған қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев уақыт өте келе тұрақты оқырмандар қатарын көбейткен. Кітапхана іргетасы қаланған кезден бастап жинақталған әдебиеттер бүгінгі күні сирек басылымдардың алтын қорын құрап отыр. Кітапхана 5 бөлімнен тұрады, ең маңызды бөлім «Сирек басылымдар» бөлімі, онда Абай атамыздың құнды дүниелері сақталған. Атап айтатын болсақ өз қолымен жазған кітаптар, сол замандағы Лев Толстой, Александр Пушкин т.б. сынды тұлғалардың аударма жинағы және де бір-бірімен хат алмасқан хаттары әлі күнге дейін сақтаулы. Бізді қызықтырған дүние Абай атамыздың қол қаламмен салынған тұп нұсқадағы фотосуреті. Бұл фотосурет кітапханадағы құнды экспонат ретінде саналып отыр. Абай атамыз өлеңдер жинағы мен аударма ғана жасап қоймай, музыка саласына өз үлесін қосқан ұлы тұлға. Дәлел ретінде кейінгі Абайтанушы ғалымдарымыздың айтуына қарағанда, Абайдың әндерінің мелодиясының ешбір әндерге ұқсамайтындығында болып отыр. Соның арқасында Абай әндері ауыздан ауызға тарап, бүгінгі күнге дейін жетіп кітап беттеріне түсіп отыр.
Экскурсия барысында балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері орыс жазушысы Антон Павлович Чеховтың туғанына 160 жыл толуына орай «А.П. Чехов – әлемдік деңгейдегі жазушы» атты тақырыбында көрме-шоу өткізді. Орыстың атақты жазушысының алғашқы мамандығы дәрігер болғаны бәрімізге мәлім. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған театрланған көрмеге біздің студенттер де қатысты. Кітапхананы аралау кезінде әр бөлімнің тыныс тіршілігімен танысып, алған әслерлеріміз өте керемет болды. Әсіресе елімізде 22 қаңтарда Абайдың 175 жылдығына байланысты іс-шаралардың салтанатты ашылуына байланысты кітапхананың екінші қабатында арнайы дайындалған ақынның кітаптар мен суреттер экспозициясын атап өтуге болады.
Сеитов Айдын, 2227 топ студенті
Куратор Г.Н. Табулдинова