Қазіргі таңда жастар тәрбиесіне зор көңіл бөлініп жатқаны мәлім. Студент жастарға тек білім ғана беріп қоймай, оларды рухани азықтандыру әр үлкеннің міндеті деп есептеймін. Өзіміздің қара шаңырағымызда білім алып жатқан, ақ халатты абзал жандардың қатарын толықтыратын жастарға арнап университетімізде түрлі шаралар өткізіліп жатыр.
Биылғы жыл Абай атамыздың 175-жылдығына арналған әртүрлі шараларға жастарды тарту мақсатында 2020 жылдың 5 ақпанында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Купанова Салтанат Ахметқалиқызы 2521 кураторлық тобымен қаламыздағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасына экскурсияға барды. Бұл тек жастарды кітаптармен сусындату емес, оларды Абай әлеміне жақындату болды. Кітапхана қызметкері Медет Божан «Абай және кітапхана» тақырыбында ақпараттық-танымдық кітапхана бойынша экскурсия жүргізді. Топ студенттері кітапхана дамуының тарихи кезеңдерімен танысып, Абай кітапханасының құрылу бастамашысының бірі болып табылғанын, Абай мен Е.П. Михаэлистің кітапхана қабырғасында танысқандығын, ұлы ақынның қоғамдық өміріндегі орыс достарының рөлі туралы білді. Студенттер Абай оқыған кітаптармен таныстырылды. Соның ішінде, орыс жазушылары Л.Н. Толстой, А.С. Пушкин, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, Ю.М. Лермонтов және т.б. батыс ақын-жазушылары, И.В. Гете, Ф. Шиллер және т.б. ақын-жазушылардың кітаптарымен таныстырылды. Бұл баға жетпес қазынаның бір сыпырасын Абай тек оқып қана қоймай, қазақ тіліне аударғаны бізге белгілі. Осындай іс-шаралар арқылы жастар рухани азықтанатыны сөзсіз.
2521 топ студенті Архат Жанерке
Куратор Купанова Салтанат Ахметкалиқызы