Әлем таныған ұлы Абай

Әлем таныған ұлы Абай

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 2102, 1222 топ студенттері мен куратор Б.А. Жорғатаева 2020 жылдың 6 ақпан күні ШҚО Семей қаласының «Абай» атындағы әмбебап кітапханасына барды. Кітапхана қызметкерлері студенттерді жылы жүзбен қарсы алды. «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінің қызметкері А.А. Мырзалина «Әлем таныған ұлы Абай» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізді. Студенттерге Абайдың өмірі мен кітапхана тарихын әңгімеледі. Дөңгелек үстелдің соңы жаңадан өңделген кітапханаға экскурсиямен жалғасты. Дамыту бөлімінің қызметкері, журналист М. Божан кітапхана бөлімдерімен таныстырып, әр бөлімге қысқаша тоқталып, мағлұмат берді. Қазіргі таңда кітапхана оқырмандары үшін 8 түрлі бөлімде қызмет көрсетілетінін айтты.

«Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінде қала оқырмандарына арналған түрлі жанрдағы жаңадан шыққан және көне тарихи кітаптар көрмесі ұйымдастырылған. Студенттерге ерекше әсер қалдырған «Абайдың рухани орталығы» бөлімі болды. Бұл бөлімде ертеден бері келе жатқан көне кітаптар мен алғашқы Құран кітап сақталған. 2102 топ студенті А.Е. Уатжанова Абайдың өлең шумақтарын оқып, кітапхана ұжымы Ажарға  Абай атамыздың «Избранное» атты кітабын сыйға тартты. Студенттер бұл саяхаттан өздеріне қажет мағлұматтар алып, рухани байып, жақсы әсер алып қайтты.

 

Топ кураторы Б.А. Жорғатаева

Топ старостасы Н.Н. Мазыбаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар