АДАМ БОЛ!

АДАМ БОЛ!

Қазіргі қоғамда әке-шешесін, ата-әжесін, туған баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуына себепші болатын жағымсыз қылықтарға ие жандар көптеп кездеседі.

Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірде өз ол орныңды табасың. «Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті» деп Платон айтқандай, жақсы адам болып тәрбиелеу тек ата-ананың ғана міндеті емес, ұрпақ өсіп-жетілетін ортада оған өз ықпалын тигізеді. Соны мақсат ету барысында кез-келген аға буынның міндеті жастарды дұрыс жолға салу болып табылады. 2020 жылдың 7 ақпан күні 2521 топта «Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды» деген тақырыпта тәрбие сағаты Абай-175 жылдығымен байланыстырылып өтті. Куратор студенттермен бірлесе отырып, тәрбие беруде ар мәселесін- әдептілікке теңеп, жоғарғы деңгейге көтеру керектілігі айтылды.

Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» тұжырымға негізделеді.  Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын азамат болуды мақсат ету керек. Абай  «отыз үшінші» сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу туралы өсиет айтады. «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың әулиесі- сол… Бірақ өнеріңді бұлдай, бағалай біл »дейді. Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен  озды. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де- ақымақшылдық» деген қорытынды жасайды. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді. Студенттер тәрбие сағатының соңында Абайдың «Қара сөздерін» бойынша ар-ұждан мәселесіне өз ойларын ортаға салды.

 

2521 топ студенті Архат Жанерке

Куратор Купанова Салтанат Ахметкаликызы

 

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Оқушылар