2020 жылдың 6 ақпан күні SCOPH қоғамдық денсаулық сақтау бойынша тұрақты комитеті ҚМЖО ұйымының белсенділерінің ұйымдастыруымен “Ерте жыныстық қатынас және оның салдары” атты іс-шара өткізілді.
Өткізілу орны: № 4 орта мектеп. Іс-шара мақсаты: Оқушыларды ерте жыныстық қатынас және оның салдары туралы ақпаратпен қамту, контрацепция шаралары мен әдістерін талдау, ЖЖБИ болдырмау үшін профилактика әдістерімен таныстыру. Іс-шара пікір алмасу және сұрақ- жауап форматында өтті.
Қоғам үшін, жастар өмірі үшін де жыныстық қатынас туралы адекватты , дұрыс ой қалыптасуы үлкен рөл иеленеді.
Қазіргі кезде ерте жыныстық қатынас оқушылармен, әсіресе жасөспірімдермен талқылануы, айтылуы тиіс өзекті әрі маңызды тақырып болып отыр.
Осы шара аясында оқушылар қолжетімді ақпарат тыңдап, өздерін қызықтыратын сұрақтарды талқылай алды деп үміттенеміз.