4 ақпан қоғамдық денсаулық кафедрасында куратор Искакова Н.С. қатерлі ісікпен күрес күніне орай 2134 топқа кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында біздің еліміз және әлем бойынша статистика көрсетілді. БӘДСҰ қатерлі ісіктің алдын алу үшін 12 ұсыныс әзірлен. Олар:
1.Темекі тартпаңыз. Темекі өнімдерінің ешқандай түрлерін қолданбаңыз.
2.Үйіңізді темекі түтінінен бос етіңіз. Жұмыс орнында түтінсіз орта құру бойынша шараларға ықпал етіңіз.
3.Дененің сау массасын ұстап тұру үшін шаралар қолданыңыз.
4.Күнделікті өмірде физикалық белсенді болыңыз. Отырған жағдайда өткізетін уақыт мөлшерін шектеңіз.
5.Салауатты тамақтану рационын сақтаңыз:
6.Егер сіз алкогольді сусындардың қандай да бір түрлерін қолдансаңыз, оларды тұтынуды шектеңіз. Алкоголь тұтынудан толық бас тарту қатерлі ісіктің дамуына жол бермеуі мүмкін.
7.Әсіресе балаларға күн сәулесінің шамадан тыс әсерінен аулақ болыңыз. Күн сәулесінен қорғау құралдарын пайдаланыңыз.
8.Жұмыс орнында еңбекті қорғау және гигиена ережелерін сақтай отырып, өзіңізді қатерлі ісік тудыратын заттардың әсерінен қорғаңыз.
9.Тұрғын үйдегі радонмен табиғи сәулеленудің жоғары деңгейі салдарынан радиацияның әсеріне ұшырамайтынын анықтаңыз.
- Әйелдер үшін:
- Егер сізде осындай мүмкіндік болса, баланы емізіңіз. Емшекпен емізу сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін төмендетеді.
* Қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің даму қаупін арттыратын гормон сыйысымды терапияны пайдалануды шектеңіз.
11.Сіздің балаларыңыз келесі екпелерді алу керек:
* В гепатиті (жаңа туған нәрестелер үшін)
* Адам папилломасы вирусы (қыздар үшін)
12.Қатерлі ісікке скринингтің ұйымдастырылған бағдарламаларының қызметтерін пайдаланыңыз.